Жол құрылысы саласы жұмыстарының бойына қан жүгірді

/uploads/thumbnail/20170708201655511_small.jpg

Елімізде инфрақұрылымды дамытуға, әсіресе, жол құрылысы саласына маңыз беріліп отыр.
Биыл құрылыс жұмыстары аяқ­талуға тиіс бес облысты қатар басып өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай ха­лықаралық көлік дәлізін айтпағанда, об-лыс пен облыс, аудан мен аудан, тіпті ауыл араларында жол салу, оны күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу жұмыстары қалыпты жүргізіліп ке­леді. Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында да ин­фрақұрылым, жол, темір жол, жалпы, қа­ты­нас мәселесіне үлкен маңыз беріледі. Осын­дай тұрақты қадағалау мен нақты тап­сырмалар жол құрылысы саласы жұмыс­та­ры­ның бойына қан жүгіртіп отырғаны да рас. «Қазақавтожол» республикалық мемле­кеттік кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан об­лыс­тық филиалы да ел аумағында атқа­ры­лып жатқан ауқымды істен шет қалып жат­қан жоқ. Қайта барынша үлес қосуға тырысып жатқан жайы бар. 
– «Қазақавтожол» ОҚО филиалы – «Қа­зақавтожол» РМК-ның шаруашылық жұмыстарын жүргізетін құрылымдық бө­лімшесі. Филиал республикалық маңызы бар автокөлік жолдары 636 шақырым жол­дың күтімін үзіліссіз қозғалыспен қам­тама­сыз ету мақсатында жұмыс жасап жа­тыр. Ұжымда 152 адам еңбек етеді, – дейді бү­гінгі таңда «Қазақавтожол» РМК ОҚО фи­лиал директорының міндетін атқарушы Нұрлан Қасымбаев. – Мекемеде 3 жол пай­далану телімі, 7 жол пайдалану бөлімі бар. Шұңқырларды жөндеу жұмыстары бойын­ша – 14000 м2, яғни 100 пайыз орындадық.Автомобиль жолдарын пайдалану мақ­са­тын­да 2015 жылғы қысқы мезгілге –5807м3 құм, 335 тн тұз дайындалып, көктайғаққа қарсы 59 дана арнайы техникалар жөнделіп, қоймаға 209 тн көмір дайындалды.
«Қазақавтожол» РМК ОҚО филиалы облыстық маңызы бар автожолдың жүріс бөлігін белгілеу, таңбалау жұмыстары бойынша келісімшарт жасасты. 
Атқарылған жұмыстар уақытында, жұ­мыс кестесіне сәйкес орындалды.
«Қазақавтожол» РМК атқарылған жұ­мыстарға дер кезінде аванс ретінде және то­лық қаржымен қамтамасыз етіп отырды.Жалақы және салық төлемдері уақтылы толық төленді.
– ­Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы қоғам арасында үлкен қолдау тапты. Елбасы аталмыш стратегияны жүзеге асырудың нақты жолдарын айқындай отырып, Тә­у­елсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандық, әрбір отбасының, жастар­дың және келешек ұрпағымыздың мүдде­-сін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Елбасымыз саннан сапаға көшу мәселесін ерекше атап өтті. Озық нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді ба­рынша кеңінен пайдаланып, барлық са­лаға енгізу, экономиканың тиімділігін арт­тыру мәселесіне басымдық берілді. «Көлік инфрақұрылымы – индустриялық дамудың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы за­манауи магистральдарсыз дамыған ел бол­майды» деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жол­дары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Президент «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір бо­лашақ» атты Қазақстан халқына Жол­дауымен тек заң шығару және атқарушы билікке ғана емес, бүкіл халыққа үндеуін жа­рия етті. Елбасы стратегиялық мақсат­-тың барлық міндеттері әрбір қазақстан­дыққа жету керектігін атап өтті. «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады». Алдымызда атқарылар қы­руар істер бар. Бұл жолда ең басты құн­ды­лығымыз – берекелі бірлігіміз. Халқымыз­-да «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстаған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қоры­тын­дылап, болашаққа бағдар жасадық. Менің пікірім – жол қозғалысын қамтамасыз етіп, жол көлік оқиғаларын болдырмау іс-шара­ларын жүзеге асыру.
Ұжымдағы қызметкерлер мен маман­дар­дың айтуына қарағанда, мекеме бас­шы­сы Нұрлан Асанұлы – өз ісіне үлкен жауап­кер­шілікпен қарайтын, білікті, іскер бас­шы. Бүгінгі таңда ел экономикасы үшін стра­тегиялық маңызы бар автожолдар­дың сапалы болуы, жол күтілімінің дер ке­зінде қаралуы осындағы жұмысшыларға байланысты. Әрбір еңбек адамымен ортақ тіл табыса білетін және олардан өз істеріне деген жауапкершілікті талап ете білетін жас басшыға еңбек адамдарының құрметі ерек­ше. Жол саласында 15 жылдан артық еңбек етіп, қарапайым шебер мамандығынан бас­шылыққа дейін көтерілген. Сонау нарық заманының қиын кезеңдерінің өзінде Нұр­лан Асанұлы өзінің өмірлік әріптестерімен бірге жол қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етіп, жол көлік оқиғаларын болдырмауға, жолаушылардың баратын жерлеріне сәтті сапар тілеп жеткізуге ықпал еткендігін айта аламыз. Бүгінгі таңда «Қазақавтожол» РМК ОҚО филиал директорының міндетін ат­қарушы Нұрлан Қасымбаев жас та болса, іске бас болып, ұжымда берік тәртіп ор­на­тып, жаңа озық технология бойынша жұ­мыс істеуге әрбір еңбек адамын жұмыл­дырып отыр. Өзі басқаратын мекемеде ең­бек тәртібі жақсы жолға қойылған. Ұжым бір кісідей «Бір мақсат, бір мүдде, бір бо­ла­шақ» атты Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын басшылыққа ала оты­рып, шырайлы Шымкенттей алып аймақ­тың жолдарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне бар үлестерін қоса берері сөзсіз. Нұрлан Асан­ұлы – үлкенге ізетті, кішіге қайырымды бола білетін жан.
Нұрлан Қасымбаев Өскемен жол құ­рылысы институтын 1990 жылы «Автомо­биль жолдары» мамандығы бойынша бі­ті­ріп, инженер-құрылысшы квалифика­циясын алған. Содан бері осы саланың қыр-сырын меңгеріп, қомақты тәжірибе жина­ған. 5 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы иесі. 

Қатысты Мақалалар