Алматыда Герольд Бельгердің ескерткіші ашылды

/uploads/thumbnail/20170708201718433_small.jpg

Ескерткіш жазушы жерленген Кеңсай-2 зиратына орнатылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ескерткішті Амангелді Байғаторов бастаған авторлар тобы жасап шыққан.

«Герольд Карлович адал да ашық адам еді. Осы қасиеттері үшін оны әріптестері, жерлестері, еліміздің барлық азаматтары құрметтеді. Ол Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім ыйлығының иегері болатыр. Соған қарамастан, Гер-аға өте қарапайым жан еді. Өмірінің соңғы күніне дейін ол қолынан қаламын тастамады» деді ескерткіштің ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов.

40-тан астам кітаптың авторы, көрнекті жазушы, аудармашы, көсемсөзші  Герольд Бельгер 1934 жылы Ресейдің Энгельс қаласында дүниеге келген. 1941 жылы этникалық немістермен бірге Қазақстанға жер аударылып, балалық шағы Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Ысқақ Ыбыраев ауылында өткен. Жазушы 7 ақпан күні Алматы қаласында 81 жасында қайтыс болды.

Қатысты Мақалалар