Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708201719777_small.jpg

Талдықорған қаласының орталығында жолаушылар тасымалдаушы автобус өртке оранды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

№4 бағытта қатынайтын автобус Қабанбай көшесінде келе жатып отқа оранған. Автобус жүргізушісі түтін исін сезіп, көлікті бірден тоқтатқан және жолаушыларды түсіріп жіберген.

Жолаушылар автобусы түгелдей өртеніп кеткен. Зардап шеккен адамдар жоқ делінген ТЖД-і таратқан хабарламада.

Қатысты Мақалалар