Мәжіліс депутаттары айлықтарын өсіруді сұрамайды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708201720605_small.jpg

Мәжіліс депутаттары жақын күндері жалақыларын өсіру туралы бастама көтермейді. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттар инфлияцияға байланысты барлық салада баға көтеріліп жатса да өздерінің жалақылары өзгеріссіз қалғанына еш өкінбейді. Мұны олар елдің экономикалық ахуалындағы ауыр жағдаймен түсіндіреді. Қолына ай сайын 497 мың теңге алатынын айтқан Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Глеб Щегальский бұл жалақы өзін толық қанағаттандырады деп санайды.

«4 жыл болды біздің шақырылымның жұмыс істеп жатқанына. Естеріңізде болса, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өсірілді, біздікі өзгеріссіз қалды. Бірақ, өз басым депутаттардың еңбекақысы жеткілікті деп санаймын», - деген.

«Нұр Отандық» тағы бір депутат Серікжан Қанаев та журналистерге қазіргі уақытта ең алдымен отандық экономика мен бюджеттің жағдайын ойлау керектігін, жағдай түзелген кезде бұл мәселеге қайта оралуға болатынын айтқан.

 

Қатысты Мақалалар