Астанада Қазақ хандарының 3D форматындағы портреттері қойылған, галерея ашылды, - деп хабарлайды «Қамшы» поталы KаzаkhTV-ға сілтеме жасап.
Голографиялық суреттерде, 21 хан бейнеленген. Бұл "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған бірегей жоба. Ерекше туындылардың авторы Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, суретші - монументалист Сембіғали Смағұлов. Мүсіншінің қиялынан шыққан елордадағы "Қазақ елі" монументі, баршаға жақсы таныс. "Қазақ хандары" галереясын дайындау үшін автор, жарты жыл уақыт жұмсағанын айтады. Қазақстанның сурет өнеріндегі жаңа бағыт, білім-ғылым және тарих саласында кең қолданыс табуы мүмкін дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, бұл жоба тарихи жазбалар арқылы қазақ даласына белгілі өзге де хандардың бейнелерін жасауға жол ашпақ.