НЕСИЕГЕ КӨЛІК АЛАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН

/uploads/thumbnail/20170708201740293_small.jpg

Несиеге көлік алған қазақстандықтардың банктерге қарызы ағымдағы жылдың қазан айында 403,1 миллиардт теңгені құраған,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz–ке сілтеме жасап.

Бірінші несиелік бюро талдау орталығының мәлімдеуінше несиеге көлік алған қазақстандықтардың банктердегі қарызы 2015 жылдың басындағы көрсеткіштен 11,6 пайызға артып, 403,1 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар, он ай ішінде несиелік келісім-шарттар саны да 31,5 пайызға өскен.

Мамандар, сонымен қатар, неиелік келісім-шарттардың орташа құны 1,84 миллион теңгеден 1, 77 миллионға төмендегенін айтуда. Бұл қазақстандықтардың дағдарыс жағдайында барынша арзан көлік мінуге көшкенін білдіреді дейді сарапшылар. Талдау көрсеткендей, күн сайын елімізде көлік алу үшін 100 шақты несие рәсімделеді екен.

Қатысты Мақалалар