Ақтөбе облысы әкімдігі алғаш рет Сара Нұрқатоваға қатысты ресми ақпарат таратты. Бұл туралы «Қамшы» порталы 31.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдікке республикалық қоғамдық кеңестің қаулысы келіп түскен. Сондықтан да, ұлы мен келіні басқармада басшылықта отырған Сара Нұрқатованың үстінен тексеру басталмақ. Қазіргі кезде аталған жағдай мемлекеттік қызметкерлердің Ар-Намыс Кодексіндегі моралдык-этикалық нормаларға сәйкес және қолданыстағы заңнамалардың аясында қаралу үстінде, -деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биылғы жылдың 14 қазан күні Астанада өткен жиында "Нұр Отан" партиясының өкілдері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарын сынға алып, балаларын өз қоластындағы екі басқармаға лауазымды қызметке қойған деп айыптаған болатын. Ал Сара Нұрқатованың өзі менің қызметімнен ағаттық табар болса орнымды босатамын деген еді.