Қазақ елінің Еуропалық Одақпен тарихи құжатқа қол қоятын күні жақындады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Ktk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тіпті таяуда Астанаға Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкердің өзі келмек. Сөйтіп, ресми Астана Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше болғанына қарамастан Еуропалық Одақпен байланысын жандандыра бермек. Ал Еуропамен су жаңа келісім алыс-берісті қазіргіден де арттыруы тиіс. Өйткені, Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақтың жаңа елшісі Траян Лауренцу Христеадан сенім грамотасын алды.
Сонымен қатар Астанада Мажарстан, Польша, Вьетнам, Түркияның елшілері ауысып, қызеттеріне кірісті. Дипломаттарға мемлекеттер арасындағы достыққа дәнекер болуға шақырған Елбасы, оларға да Еуропалық одақпен жасалатын тарихи келісім туралы да айтып берді.
«Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары туралы келіссөзге қол қойылды. Осы тарихи құжатқа қол қою үшін Еуропалық Одақ басшылығының Астанаа ресми сапармен келуін күтеміз. Бұл қадам Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады», – деді Н.Назарбаев