Ақтау қаласында мектеп психологтары сабақтар арасындағы қоңыраудың орнына қазақ композиторларының күйлерін қоюды ұсынуда. Бұл туралы «Қамшы» порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Психологтардың айтуынша, халықтық музыканы мектептегі оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға болады. Музыкалық мұралар балалардың психикасының дұрыс қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, мектеп психологтары оқу бағдарламасына арт-терапия сабақтарын енгізіп, мұғалімдердің сабақ арасында тынығуы үшін релаксация кабиненттерін ашу қажет деп санайды.