Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы «Қамшы» tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, 31 қазан мен 2 қараша аралығында ауа райы жауын-шашынды, тұманды, желді болады. Сондай-ақ еліміздің бірқатар облыстарында көктайғақ болуы мүмкін.
– Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы кей аудандарда жаңбыр жауады. Антициклонға байланысты ауа температурасы төмендейді деп күтіліп отыр: түнде республиканың батыс, солтүстік және орталығында 5-10, кей жерлерде 13 градус, күндіз 0-8 градус суық болады, – деп хабарлады синоптиктер.
Айта кетейік, қалған аумақта түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус суық болады, күндіз 0-5 градус жылы, шығыста 0-5 градус суық болады.