Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева сенбі күні Қытайда өтіп жатқан жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын ITF топтамасы жарысының финалына шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай финалда жеке разрядта төртінші нөмірмен шыққан Путинцева қытайлық Ксилин Ксюді 6:1, 6:1 есебімен ұтты.
Финалда қазақстандық спортшының қарсыласы жарыстың сегізінші ракеткасы, жартылай финалда қытайлық Кай Лин Жангты 6:0, 6:7, 6:2 есебімен жеңген Тайпей өкілі Шу-Вэй Ксих болды.