Арнайы жасақ жауынгерлері күрең берет кию үшін сынақ тапсырды (фоторепортаж)

/uploads/thumbnail/20170708201926200_small.JPG

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының жауынгерлері арнайы жасақтың айырым белгісі «Күрең берет» пен «Бүркіт» кеуде белгісін тағу құқығын иелену үшін сынақ тапсырды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл он бесінші рет өткен сынаққа қатысуға барлығы 92 әскери қызметші ниет білдірсе, алдын ала тексерістерден соң олардың саны едәуір қысқарып, 70 шақырымдық сынақ бағытына барлығы 67 үміткер шыққан. Бір жарым тәулік ішінде үміткерлер 16 түрлі норматив тапсырып, күштерін сынады. Ооның арасында дене дайындығы, ату, инженерлік-топографиялық дайындық, төбесінен оқ борап, іргесінде граната жарылған кедергілер жолағынан өту  сынды бірнеше бағыттағы нормативтерден құралды. Бабы мен бағы қатар шауып, ауыр сыннан сүрінбей өткендер ақтық сынақ - қоян-қолтық төбелесте кездесті.

Сынақ соңында 13 жауынгер барлық сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдеді. Оларға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен арнайы жасақтың айырым белгісі күрең берет пен арнайы кеуде белгісі табысталды. Сонымен қатар, арнайы операциялар кезінде ерлік пен батылдық үлгісін көрсеткені үшін Ұлттық ұлан күрең берет иелері орталық кеңесінің қолдауымен ІІМ «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкерлері полиция майоры Пернехан Жүсіпәлиев пен полиция капитаны Андрей Волковқа да аталған айырым белгілері тапсырылды.

 

Қатысты Мақалалар