Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Д. Кэмеронмен кездесті

/uploads/thumbnail/20170708202045436_small.jpg

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары бүгін басталды. Тұманды Альбион еліне осымен тоғызыншы рет сапар шегіп отырған Нұрсұлтан Әбішұлы сапарының алғашқы күні елдің Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кезіп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен сауда-экономикалық әріптестік жайын талқылайды.

Ұлыбритания – Қазақстан экономикасына инвестиция құйып отырған ірі мемлекет. Соңғы он жылда Қазақстанға Ұлыбританиядан 11 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған.

Біләл Қуаныш

Лондон  

Қатысты Мақалалар