Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронды «Достық» орденімен марапаттады

/uploads/thumbnail/20170708202050670_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронды 1-дәрежелі «Достық» орденімен наградтады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның кездесуі барысында екі елдің арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқыланды. Елбасы Дэвид Кэмеронды соңғы парламент сайлауындағы жеңісімен және жаңа үкіметтің жасақталуымен құттықтады. Сондай-ақ, кездесу үстінде Н. Назарбаев Дэвид Кэмеронды 1-дәрежелі «Достық» орденімен наградтады.

«Достық» ордені – бейбітшілік пен достықты, елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін берілетін мемлекеттік награда. Бұған дейін аталған орденмен Кофи Аннан, үлкен Джордж Буш, Хиллари Клинтон, Ли Куан Ю, Пан Ги Мун сынды әлемдік қайраткерлер марапатталған.

Естеріңізге сала кетейік, Дэвид Уильям Дональд Кэмерон (Камерон) — британдық саясаткер, Консерваторлар партиясының (2005 жылдан бері) жетекшісі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің 2010 жылдан бері Премьер-министрі.  

Біләл Қуаныш

Лондон

Қатысты Мақалалар