Француз компанияларымен бірқатар келісімдер жасалады

/uploads/thumbnail/20170708202259485_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары барысында француз компанияларымен бірқатар келісімдерге қол жеткізілмек. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Францияға ресми сапары аясында бүгін осы елдің іскер қауымдастықтарымен кездесу өтеді. Екі жақты кездесуде әріптетік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған келісімдерге қол қойылады.

«Бүгін Елбасы Н. Назарбаевтың қатыуымен іскер қауымдастықтар өкілдерімен кездесу өтеді. Осындай Президент сапары кезінде шетелдік компаниялар тарапынан елімізге деген қызығушылық арта түседі. Мұнда біздің ел тарапынан, атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Франция компаниялары арасында әріптестік келісімдері қарастырылады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы электровоздар құрастыру, теміржол көліктерінің қозғалысын басқарудың автоматты құрылғыларын жасау туралы, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мұнай барлау жұмыстары туралы, «КЕГОК» электр энергиясын тасымалдау жұмыстарына қатысты осындағы әріптестермен түрлі келісім-шарттарға отырады», - деді журналистерге кездесу алдында сұхбат берген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам француз компаниялары жұмыс істейді. Олар ел экономикасына 11 миллиардқа жуық инвестиция құйған.

Біләл Қуаныш

Париж

Қатысты Мақалалар