ЕРМЕК ТАЙШЫБЕКОВТІҢ СОТЫ БАСТАЛДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708202300610_small.jpg

Бүгін Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында блогер Ермек Тайшыбековтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Азаттыққа» сілтеме жасап хабарлайды.

Іс Алматы қаласының тұрғыны Ботагөз Исаеваның арызы бойынша қозғалған. Жамбыл облысы Қордау ауданының 37 жастағы тұрғыны Ермек Тайшыбеков Фейсбук әлеуметтік желісінде жариялаған жазбаларын арызданушы ұлтаралық араздықты туғызады деп санайды.

Тайшыбековтің өзі сотқа екі өтініш жасады. Бірі – сот процесіне журналистерді қатыстыру, екіншісі – бұлтартпау шарасын қамақ түрінен басқаға ауыстыру. Судья журналистердің процеске аудио-бейне жазу құралдарынсыз қатысуына рұқсат берді. Ал, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге салсақ, Е. Тайшыбековтің үстінен ұлтаралық араздық туғызды деген айыппен үстіміздегі жылы 30 маусымда қылмыстық іс қозғалған болатын. Мұндай әрекеттер үшін заңда екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алайда, Ермек Тайшыбековтің бауыры Ердос ағасының әрекеттерінен ешбір қылмыс құрамын көрмейтінін, ол бар болғаны өз ойымен бөліскенін, ешкімді ешқандай заңға қайшы әрекетке шақырмағанын айтады.

 

Қатысты Мақалалар