Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингісінде 11 сатыға көтерілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды
Юрий Красножан шәкірттері қазан айында екі ресми ойын өткізді. ЕУРО-2016 аясында өз алаңында Нидерланды футболшыларын қабылдап, 1:2 есебімен ұтылды. Ал сырт алаңда Латвиядан 1:0 есебімен басым түсті. Осының арқасында Қазақстан құрамасы өткен аймен салыстырғанда 11 сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде 131-ші орында тұр.
Ал әлемдік рейтингтің көшін осы жолы Бельгия басталды. Бұл тарихта алғаш рет. Екінші орында Германия, үздік үштікті Аргентина қорытындылап тұр.