Президент Нұрсұлтан Назарбаев француз бизнесмендерімен жеке кездесулер өткізді

/uploads/thumbnail/20170708202309532_small.jpg

Францияға сапары аясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Францияның ірі компания басшыларымен кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы  хабарлайды.

Президент Н. Назарбаев Aubert&Duval компаниясының президенті Жорж Дювалмен, Өскемен титан-магний комбинатының президенті Әсем Мамутовамен, Total компаниясының бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен және Peugeot Citroёn компаниясының басқарма төрағасы Карлос Тавареспен кездесті.

Елбасы кездесулер кезінде Өскемендегі жүзеге асып жатқан индустриалдық бағдарламаның қос ел үшін де тиімділігін атап өтіп, титан-магний өндіру жұмысы бойынша есепті тыңдады. Патрик Пуяннмен кездесуде Н. Назарбаев көмірсутегі шикізатын өндіру саласындағы әріптестікті сөз етіп, Тотал компаниясының Қазақстандағы жемісті жұмысын атап өтті. П. Пуянн өз кезегінде Елбасыға Қашаған кен орнын игеру мен басқа да еліміздегі инвестициялық жобалар туралы әңгімелеп берді.

Франциялық автокөлік шығарушы компания басшысымен болған кездесуде қазақстандық автомобиль құрастырушылармен әріптестік жайы сөз етілді. К. Таварес Н. Назарбаевқа соңғы екі жыл көлемінде қазақстандық әріптестерімен біріккен жобалар туралы айтып берді.

Біләл Қуаныш

Париж

 

Қатысты Мақалалар