Елбасы Франция Президентіне «Достық» орденін табыстады

/uploads/thumbnail/20170708202356595_small.JPG

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландпен кездесу барысында әріптесін 1-дәрежелі «Достық» орденімен наградтады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Кездесу барысында қос Президент екі ел қарым-қатынастарының жай-жапсарын талқылады. Сондай-ақ, Франсуа Олландтың Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген келісімддердің жүзеге асуы сөз болды.

«Достық» орденi — 1995 жылы тағайындалған. Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін марапатталады.

Біләл Қуаныш

Париж

 

Қатысты Мақалалар