Талдықорған қаласында әкім ауысты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Алматы облысы әкімдігінің баспаөсз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды,
Облыс орталығына Бағдат Қарасаев әкім болып тағайындалды. Бұрынғы қала әкімі Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
Бағдат Қарасаев 1964 жылы туған. Білімі – жоғары. 2004 жылдан бері Алакөл ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарған.