Астанада жалған гинеколог әшкереленді

/uploads/thumbnail/20170708202454486_small.jpg

Астанада гинеколог кабинетін ашып, әйелдерді қабылдап келген алаяқ әшкереленді. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Экспресс-К» газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Газет оқырманы бүркеншік атпен өзі тап болған оқиғаны бастан-аяқ редакцияға жазып жіберген екен. Оқырманның айтуынша, ол тұратын көп қабатты үйдің астынан жеке гинеколог кабинеті ашылған. Тіс емдеу орталығының жанынан орын тепкен кабинетке келіншек қабылдауға жазылады.

Сырт келбеті келіскен орта жастағы еркек келіншекті бірден қабылдайды. Дәрігер кабинетінде арнайы гинеколог орындығының болмауы әйелдің көңіліне күдік ұялатады. Сонда да келіншек кері шегінбей гинеколог қызметіне жүгінген. Оның үстіне дәрігер кабинетті жақында ашқанын, уақытша осында жұмыс істейтін болғандықтан арнайы орындық әкелінбегенін айтып сендірген. Сөйтіп, гинеколог пациентін массажист кушеткасына жатқызып қойып, «жұмыс учаскесін» зерделеуге кіріскен. Келіншек өзін қарап жатқан дәрігердің жүзі бал-бұл жанғанына таңданып отырғанда, оның тек бір қолына ғана медициналық қолғап кигені күдігін одан сайын қоюлата түскен.

«Әдетте гинекологтар пациенттеріне салқын қанды қарап, тіпті, кейде дүрсе қоя беретіні болатын. Ал, бұл дәрігер мүлдем олай жасамады. Көздері оттай жанып, ернін жалап қояды. Бірнеше рет тәнімді сипалап та алды» дейді жалған гинекологтың қабылдауында болған пациент.

Қабылдаудан шыға сала келіншек болған жайды бірден құрбысына айтады. Құрбысы оған бұл мәселені одан әрі зерттеуге кеңес берген. Араға бір апта салып келіншек дәрігер қабылдауына тағы келеді. Келе салып одан медициналық дипломын сұраған. Басында шошыңқырап қалған ол көп созбай рамкаға салынған диплом көшірмесін көрсетіпті. Сәл кейінірек, келіншекті кушеткақаға жатқызып қойып «қарап» жатқан кезде дәрігердің қалта телефонына қоңырау шалынып, ол сөйлесу үшін сыртқа шығады. Сол сәтті пайдаланып, келіншек диплом көшірмесін суретке түсіріп алады.

Кейін дипломда жазылған мәліметтерді анықтағанда ол оқу орны ешқандай да медициналық білім беру мекемесі емес екені, ал дәрігердің гинеколог емес, тарихшы екені белгілі болады.

Өзінің алданып қалғанына ашуланған келіншек жалған диплом иесіне телефон шалады. Ол болса келіншектің үйіне арнайы келіп, өрескел қылығы үшін кешірім сұраған. Тпті, қызметі үшін алған барлық ақшасын қайтарып берген. Айтуынша, лайықты жұмыс таба алмаған соң, отбасын асыраудың қамымен осындай әрекетке барған.

Келесі күні әлгі кабинет жабылып қалған. Бір қызығы, оңбай алданған келіншек өзін тексерген жалған гинекологты кешіргенін, ешқайда шағымданбағанын айтқан...

 

 

 

Қатысты Мақалалар