Ақша айырбастау орындарында доллар 311 теңгеден сатылуда

/uploads/thumbnail/20170708202841739_small.jpg

KASE-тің таңғы сессиясында доллар бағамы 307,53 теңгеге жетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

6 қарашада алғашқы сауда 302 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға болды. Ал, ең жоғарысы - 309,5 теңгеге жеткен.

Бүгін доллар қазақстандық ақша айырбастау орындарында 300-311 теңге аралығында сатылып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банкі басшысының ауысуымен байланысты.

Еске сала кетейік, Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтынвалюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралы шешім қабылдады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы құбылуы негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.


 

Қатысты Мақалалар