«МММ» желісі Қытайда да танымал

/uploads/thumbnail/20170708203041866_small.jpg

Қытайда «МММ» желісіне қызығушылық Bitcoin виртуалды валютасының бағамын көтеріп жіберген. Бұл туралы «Қамшы» порталы psm7.com – ға сілтеме жасап хабарлайды.

Bitcoin виртуалды валютасы бағамының өсуі осы аптада Қытайда бұрын болмаған межеге көтеріліп, 490 АҚШ долларына жетті. Сарапшылар виртуалды валюта бағамының бұлай өсуін «МММ» атты әлеуметтік қаржылық желінің ел арасындағы танымалдылығының артуымен байланыстырады. Желі шарты бойынша оған қатысушылар осындай «битикоин» валютасын сатып алуға міндеттеледі.

Сонымен қатар, қаржылық желі қатысушыларына жаңадан қосылған әрбір реферал үшін 30 пайыз кіріс уәде етіледі. Осылайша Қытайда ашылғанына бір ғана жыл болған Сергей Мавродидің қаржылық желісі қытайлар арасында зор сұранысқа ие болып отыр.

Қатысты Мақалалар