Жапондық Ferray Corporation компаниясы өз қызметкерлеріне жұмыс орнына мысық әкелуге рұқсат берді. Бұл туралы «Қамшы» порталы www.billionnews.ru-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмысшылардың жұмысқа деген құлшынысын арттырудың жолын компания басшылығы осылай табамыз деп ойласа керек. Сонымен қатар, компания үй жануарларын асыраған әрбір жаңа жұмысшыға арнайы бонус төлейтін болып шешкен. Бұл эксперименттің нәтижелері де жаман емес. Компания басшылығы жұмыс орнындағы атмосфераны біршама жақсартуға қол жеткізген.