Қазақ боксшысы Қанат Ислам бүгін өткен кездесуінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, кәсіби рингтегі жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қанат Ислам Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистамен жұдырық түйістірді. АҚШ-та бірінші орта салмақта өткен кездесу бірінші раундта аяқталды.
Қазақ боксшысы үшін бұл кәсіби рингтегі жиырмасыншы жекпе-жектегі жиырмасыншы жеңісі. Батиста 15 жекпе-жегінде сегізінші рет жеңіліп отыр.