Сексен бестегі кейуана келінінің қолынан қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708203056413_small.jpg

Ене мен келін арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды. Тұрмыстық жанжал салдарынан 85 жастағы кейуана көз жұмды. Бұл туралы «Қамшы» порталы rgmedia.kz/-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облыстық ІІД-дегілер осындай бір жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиға 4 қараша күні таңғы уақытта орын алған. 35 жастағы келін 85-тегі енесімен жанжалдасып қалады. Соңында кейуана көз жұмған. Бұл сәтте үйде отбасының өзге мүшелері болмапты.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде әжейдің механикалық асфиксиядан қайтыс болғаны расталған. Ал келін енесін қылқындырып өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды және ауыр қылмысын мойындаған. Алдын ала деректер бойынша, кісі өлтіруге енесі мен келінінің арасындағы бұрыннан бар келіспеушілік себеп болған. 

Қатысты Мақалалар