Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жайлы деректі фильм 2016 жылдың соңында шығады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Картина режиссері – Сламбек Тәуекел. Оның айтуынша, картина Тоқтар Әубәкіровтің 70 жылдық мерейтойына және Қазақстан ғарышкерінің ғарышқа ұшқанына 25 жыл толуына арналған. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер туралы деректі фильмнің түсірілім жұмыстары биыл сәуір айында басталған, бірақ қаржылай қиындықтардың кесірінен тоқтап қалған. Қазіргі уақытта түсірілім жұмыстары қайта жаңғырып, жыл соңына дейін жалғасын табады. Көрермендер деректі фильмді 2016 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында көре алады.
Режиссердің айтуынша, картинаның хронометражы 52 минут немесе 26 минуттан тұратын екі серия. "Біз деректі фильм түсіріп жатырмыз - негізінен қазақтың бірінші ғарышкерінің өмірбаяны. Себебі 70 жас - мерейтой. Картина осы адамның биографиясымен байланысты, оның тұлға болып қалыптасуы жайлы. Көрерменге айтарымыз бар. Өкінішке қарай, деректі фильмде прокат болмайды. Мұндай киноны тек телевизиялық экраннан көруге болады. Сондықтан біз оны телевизиялық форматтың негізінде жасап жатырмыз. Фильм Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" АҚ киностудиясында түсіріліп жатыр", - деді режиссер.
Оның айтуынша, таяуда ол Тоқтар Әубәкіровпен бірге Мәскеуге ұшады. Ал, ғарышкердің өміріндегі маңызды жерлер Австрия мен Грузияға баруға түсірілім тобының қаражаты жоқ. "Жұмысты кеш бастадық және қаражат жоқ. Бірақ бәріміз энтузиастпыз және оны әрбір қазақстандыққа жеткізгіміз келеді", - деді Тәуекел.