Бұл посты жазбас бұрын "Мен Генаны қатты құрметтеймін. Ол- ұлы спортшы" деп, ГГГ құрметімді білдірейін. Енді негізгі ойым: өткенде "Нұр Отанның" политехнологтары Генаны ұлттық идеологияға балап, езу жыртып жатыр еді. Жабыла қолдаушы көп болды, тіпті, "Ұлт (мемлекет халқы) " деген сумақай тіркеске назар аудармастан ұлардай шулады. Енді сұрақ қояйыншы мемлекет халқы яғни нұротандық саясаткерлер ойындағы "Ұлт" қалай аталады? Дұрыс, "қазақстандық". Сонда біз бір боксшы үшін қазақ деген атаудан бас тартамыз ба?! Ал Қанат Ислам ұлттық идеология болмаса да ұлттың ұландарына идеал болатын азамат. Бір жарым миллиард қытайдың ортасында атой салып, елге оралғанда жасық қазақты көріп күйініп, "бес қаруын сайланып" АҚШ аттанып, америкалық рингте талайды сұлатқан батыр. Қызылбастың елін шапқан Қоблаанды дейсің бе, Қазанды алған Қарадөң дейсің бе өз еркің, осы заман жыршылары шығаратын кез келген эпосқа кейіпкер бола алады. Қазақ деп соққан жүрегі, шешенді сүріндірер сөзі бар жігіт. Міне. қазақ жастары осындай бір өзі миллион, миллиардтарды тізе бүктірген алып ағаларын пір тұтуы керек! Бірақ ондайларды дәріптеуге келгенде қазақстандықтарда ақша да, ниет те таусылып қалады, нұротандықтар да "сыпайы" сөздер жазбайды. Ал біз батыр бауырымыздың жүзін өз экранымыздан көре алмай қор боламыз. Бүгін де қор болдық, қорландық.... Қанаттың өз сөзімен айтсақ: Шаталардан құтылмай қазақтың бағы жанбайды!
Serik Abiken Фейсбук парақшасынан