Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне арналған біріңғай есеп айрысу құралын әзірлеу бойынша жұмыс белгілі-бір қиындықтарға қарамастан жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы «РИА Новостиге» сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Ресей мен Қазақстан 2025 жылға дейін ортақ валюта туралы мәселе қарастырылмайтынын мәлімдеген еді. Қараша айының басында Армения Орталық банкінің басшысы Артур Джавадян да ЕАЭО валбтасы туралы әңгімеге әлі ерте екенін айтқан болатын.
Алайда, Ресейдің Бірінші арнасындағы «Познер» бағдарламасына қатысқан Л. Слуцкий:
«Жақында бізде ортақ есеп айырысу құралы болады. Қазір одаққа мүше орталық банктер осы мәселе бойынша жұмыс істеуде. Бұл біз ойлағаннан қиын жұмыс екен. Дағдарыс факторы да рөл ойнауда. Бірақ жұмыс жүріп жатыр» деген ол Владимир Познердің ортақ валюта қалай аталуы мүмкін деген сұрағына: «Көреміз. Бәлкім «Нвраз» аталар. Мұны біз әлі ақылдасамыз» деп жауап берді.
Пікір қалдыру