Қазақстандық заңгер латын әліпбиіне көшу мәселесін қайта көтерді

/uploads/thumbnail/20170708203157211_small.jpg

Заңгер Жангелді Сүлейменов өзінің Фейсбуктегі парақшасында қазақ әліпбиін латиницаға көшіру мәселесіне қайта оралуды ұсынды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Ж. Сүлейменовтің ойынша бүгінде қазақ тілін оқып, үйренуде айтарлықтай нәтиже байқалып отырған жоқ. Бұл елдің дамуына кедергі келтіруде. «Себебі, қоғам қазақ тілін білетін және білмейтін екі үлкен топқа бөлініп қалған. Сондықтан, олардың арасында белгілі-бір деңгейде бір-бірін түсінбеушілік бар» дей келе заңгер қазақ тілін оқытуға бүгінгі қолданылып жүрген кирилл әліпбиі кедергі келтіріп отырғандығын айтады.

«Менің ойымша, қазақ тілін оқыту мен үйренудегі қиындықтардың бір себебі – кирилл алфавитіне негізделген қазақ әліппесі. Бізге латын әліпбиіне көшу керек. Сонда біздің әліпбиде бар-жоғы 29 әріп болады. Бұл тіл үйренуді әлдеқайда жеңілдетеді. Латынды енгізе отырып грамматикалық реформаны да қатар жүргізу керек» дейді заңгер.

Осыдан 9 жыл бұрын Президент Н. Назарбаев латын әліпбиіне көшу мәселесіне оралу керек деген болатын. Президент бір жарым жыл уақыт ішінде мамандар мәселені мұқият зерттеп, нақты ұсыныс айту керек деген Елбасы сөзі кейін ұмытылып кеткен еді.

Заңгер Ж. Сүлейменов «Латын әліпбиіне қазақ тілін меңгергендер оңай ауыса алады, ал, қазақша білмейтіндерге бұл тіпті оңайға соғады» деген пікірде.

1929-1940 жылдар аралығында Қазақстанда латын әліпбиі қолданылғанын естеріңізге саламыз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар