Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып Руслан Сұлтанұлы Желдібай тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті өкімге қол қойды. Руслан Желдібай бұған дейін де Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Одан бұрын Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары сияқты лауазымдарда болған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды» деп жазылған Жарлықта.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.
2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.
2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
Пікір қалдыру