Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 26 қараша күні «Жұлдызды» гид деген атаумен имидждің жоба ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы «Қамшы» порталы kazmuseum.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шарада отандық өнер жұлдыздары музейдегі гид қызметін көрсетеді. Музей қонақтары әншілер мен ақындарды гид ретіндегі қырынан танып, өздеріне қажетті ақпаратты алады. Жобаның басты мақсаты – Ұлттық музейдегі қоғамдағы имджін арттыра отырып, экскурсовод қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.
Жобаға қатысушылардың ішінде Қарақат Әбілдина, Құрмаш Мақанов, Клара Төлендиева, Маржан Арапбаева, Қалқаман Сарин сынды бірқатар әншілер мен ақындар бар.
Пікір қалдыру