Қарап отырсақ, "стан" деген жалғасы бар мемлекеттің бірі де бақытқа кенеліп отырған жоқ. Этимологиясы жаман-ау соған қарағанда. Парсыдан аударғанда "стан" тек ел, мекен емес, сонымен қатар қорым, мола дегенді де білдіреді. Қисынға салсақ, бір жағынан қазақ елі, мекені, екінші жағынан қазақтың қорымы. Қабірстан дегенмен пара-пар. Тап-таза дуализм. Астан-кестен болу да апат, опат болу дегенге саяды. Болашаққа, мəңгілікке ұмтылған елдің стан болуы осы тұрғыдан алғанда күмəнді. Ең дұрысы - Қазақ Республикасы. Осыдан артық ештеңе ойлап таппаспыз.
Айдос Сарымның Фейсбук парақшасынан
Пікір қалдыру