Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында онлайн-брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің сауалына жауап берді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
«РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі Комитет Төрағасы Леонид Слуцкийдің қазіргі уақытта ЕАЭО елдері үшін бірыңғай есеп айырысу бірлігін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөзіне қатысты не айта аласыз?» деген сауалға Дәурен Абаев: «Қазіргі таңда есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктің бір де бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ», - дейді өз жауабында Дәурен Абаев.
Пікір қалдыру