Көп пәтерлі үйге ұшақ құлады

/uploads/thumbnail/20170708203223461_small.jpg

АҚШ-тың Огайо штатында он адамдық Hawker H25 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған екі адам қайтыс болды, деп хабарлады Associated Press жергілікті билікке сілтеме жасап. Бұл туралы "Қамшы" порталы Лента.ру-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға сейсенбі, 10 қарашада Экрон қаласында орын алды. Бизнес-джет құлап бара жатып электр беру желісін үзіп өтіп, көп пәтерлі тұрғын үйдің үстіне құлады. Әуе кемесі бірден қызыл жалынға оралды.

Кірпіш ғимараттың ішінде ешкім болмаған. Алайда алдыңғы қабырға қирап, құрылыс отқа оранды.

Куәгерлердің айтуынша, апат болған кездегі жарылыс үні бірнеше кварталдарға жеткен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар