Оқиға орнынан қашпақшы болған прокуратура қызметкері екі автомобильді соғып кеткен

/uploads/thumbnail/20170708203233040_small.jpg

Қарағандыда Қазыбек би аудандық прокурорының көмекшісі жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып жатыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Интерфакс-Қазақстанға» сілтеме жасап.

10 қараша күні прокуратура қызметкері мен оның көмекшісі отырған көлік қарсы бағыттағы автомобильмен соқтығысып, осыдан кейін прокурор жүргізуші орындығына отырып, апат болған жерден кетіп қалмақшы болған. 

"Мұны көрген өзге екі жолаушы олардың жолын бөгеді, дегенмен әйел сол автомобильдерге қарай жүре береді. Ол ұсталып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылды. Оның көмекшісінің үстінен де хаттама толтырылды", - деді полицей.

Қарағанды облысы прокуратурасы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне осы деректі растады. Ведомство өкілі ұжымдастарының өздеріне жүктелген жауапкершілікті толықтай өтейтінін айтты. "Қызметтік әдеп, мемлекеттік қызметкердің әдебі және басқа да нормативтік акттер жұмыстан тыс уақытта да мұндай қылықтар жасауға жол бермейді. Қазір қызметтік тексеріс тағайындалды", - деп хабарлады прокуратура.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар