Қаптаған қалың университет. Қажеті тіршіліктен алшақ сабақтар. Қазаққа пайдасы шамалы дипломдық жұмыстар. Сірескен лекциялар. Қажеті бір қарауға ғана қажет қағаздар. Мемлекеттің ақшасына ата-анасының ақшасын қоса жұмсап, серілік құрған студенттер...
Болашақ жайлы ойыңа таяныш бола алмайды екен.
Бес университетті жауып, он кәсіптік колледж ашса дейсің! Онда қазақ жастарын сағат жөндеу, ағашшылықтан бастап тіршілікке қажетті түрлі-түрлі тірі өнерге тәрбиелесе шіркін!
Ұларбек Нұрғалымұлы, Facebook-тегі парақшасынан алынды
Пікір қалдыру