Қазақстандық қор биржасы шетел валютасын саудалау регламентіне өзгеріс енгізді. Бұл туралы «Қамшы» порталы қор биржасына сілтеме жасап хабарлайды.
Енді Қазақстандық қор биржасында шетел валютасы тек күндізгі сессияда ғана саудаланатын болады. Биржадағы күндізгі сессия 11.30-15.30 сағат аралығын қамтиды. «Яғни, бұрынғыдай кешкі сауда болмайды және шетел валютасы бағамының күрт өсу мүмкіндігі біршама шектеледі» делінген қор биржасы таратқан мәлімдемеде.
Пікір қалдыру