Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі кездесуін Қытайда өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
Аспан асты еліндегі кездесу қазақстандық боксшының алдағы жылғы алғашқы жекпе-жегі болмақшы. Бұған дейін танымал меценат Бауыржан Оспанов Қанат Исламның кәсіби бокста әлемдік жетекші компаниямен келісімшарт жасасатынын, сонымен қатар қазақстандық боксшыға Америка мен Қытайда қызығушылықтың жоғары екенін айтқан болатын.
Қытай Халық Республикасы Қанаттың бір рет Қытай бокс алаңында WBA нұсқасы бойынша ойын көрсетуін өтініп отыр. Себебі, WBА нұсқасы бойынша өткізілетін мұндай жұдырықтасуға қызығушылардың саны өте көп. Ол өткізілетін орынға қыруар пайда әкелері сөзсіз.
Еске салсақ, Қанат Ислам 8 қарашада Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистамен кездескен болатын. Ол қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Пікір қалдыру