АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында» қала әкімдігі «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үй алуға қала әкімдігінің тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан өтініштердің қабылданатындығын хабарлайды, деп жазады aktau.gov.kz.
1 шаршы метрінің бағасы 115 мың теңге тұратын, жайлылығы ІІІ сыныпты таза сылақталған тұрғын жайлар келесідей көлемде ұсынылады.
32 а шағын аудандағы тұрғын үйден екі бөлмелі 60 пәтер. Пәтерлердің ауданы 53,4 м2 бастап 55,2 м2 дейін.
Тиісті табыс деңгейі болған кезде Бағдарлама қатысушысына тұрғын үй жеке меншікке немесе сатып алу құқығымен жалға алуға беріледі.
Осы бағдарламаға қала әкімдігінің тұрғын үй кезегінде тұрған келесідей топтарға жататын азаматтар қатыса алады:
1. Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
5. экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
6. көп балалы отбасылар;
7. толық емес отбасылар.
8. мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.
Өтініш берушілер мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (көшірмелер);
2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері (көшірмелер), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;
3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;
5) жұмыс орнынан анықтамасы (мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға);
6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;
7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;
8) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.
Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі:
4 шағын ауданда орналасқан, Ақтау қаласы әкімдігінің сервистік орталығындағы жұмыс күндері: сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейін.
Өтініш қабылдаудың басталуы - 2015 жылдың 03 қарашасы, сағат 09.00-ден бастап.
Өтініш қабылдаудың аяқталуы - 2015 жылдың 05 қарашасы, сағат 18.00.
Ескертпе:
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастырылған жағдайда, аталған санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына теңестіріледі
Дереккөз: ҚазАқпарат
Пікір қалдыру