Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ел арасындағы республикалық бюджеттің қиын жағдайы туралы үрейді журналистер туғызып жүр деп айыптады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Парламентке келіп республикалық бюджетке қатысты түсінік берген Е. Досаев мырза журналистердің сұрақтарына да жауап берді.
Республикалық бюджетке қатысты қойылған сұрақтарға «Әзірге ештеңе айта алмаймын. Әлі ештеңе дайын» емес деген министр журналистердің өзіне тап берді.
«Ел арасында үрейді сіздер туғызып жүрсіздер. Біз тиісті есептер қашан аяқталатынын, Ұлттық банкте талқылау жүріп жатқанын, бұл процестің бәрі жария түрде өтетінін айттық. Барлығына есеп береміз. Қандай да бір параметрлерді айтуға әзір ерте. Біз осы заң бойынша 1 желтоқсанға дейін үлгереміз» дейді Ерболат Досаев.
Естеріңізге салсақ, Парламентте 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң талқыланып жатыр. Бұған дейін қаржы вице-министрі Лена Кармазина жағдайдың күрделі екенін, теңге бағамы мен инфляция деңгейі алаңдатушылық туғызып отырғанын мәлімдеген еді.
Пікір қалдыру