Ұзақ мерзімді мақсатты жоба

/uploads/thumbnail/20170708203334915_small.jpg

«Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.
зол. книга фото4 IMG_9800Тәуелсіздігін алып, өз даму жолын таңдаған Қазақстанның тыныс-тіршілігі, тынымсыз дамуы тек өзіміздің ғана емес, өзге елдердің де қызығушылығын тудырып келеді. Мұның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тың бастамалары, тегеурінді тапсырмалары, жақсылыққа ұйытқы бола алған көшбасшылығы және көреген саясаткерлігі тұрғандығы анық. Келешекті дәйекті болжай білген Елбасының айтқаны келді. Аз уақыттың ішінде Қа­зақ мемлекеті көздеген биігін ба­ғындырды. Біз әуелгі меже әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ендік. Ендігі меже – отыздықтан ойып орын алу.
Бұл Жолдаудың негіз­гі ерек­шелігі Елбасы «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру­дың нақты бағыт-бағдарын бел­гілеп, жүйелеп беруінде. Қо­ға­мымыздың әрбір мүшесі осы ұлы мұратты іске асыруы қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасау­ды аяқтады. Бүгінде алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере алатын болашаққа бастайтын Қазақстанның «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты еліміздің ертеңіне үлкен үлес қосатыны анық. Бұл нені білдіреді?
«Нұрлы Жол» ұлттық идея ғана емес, ол қазақстандықтарды біріктіретін бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жұмылдыратын ұлттық идеология. Онда қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған арман-мұратымен бірге, бүгінгі қазақстандықтардың өмір мақсаттары, тарихи және мәдени миссиясы көрсетілген. Сон­дықтан да «Мәңгілік Ел» идея­сының пафосы ұлттық қана емес, сонымен бірге, жалпы­қа­зақстандық деп айта аламыз. Онда этностық бірегейліктен азаматтық бірегейлікке саналы түрде талпыну бар. Өз кезегінде бұл идея болашақ мәдениет сая­сатының тұжырымдамасын жасауда көрініс табары сөзсіз.
Жолдауда Елбасы жарқын болашақты меңзей отырып, ат­қа­рылатын міндеттерді барын­ша саралап, оның басым бағыттарын белгілеп берді. Ерекшелігі сол, Мемлекет басшысы біздің болашақ ұрпағымыздың игілігі үшін шешуге тиісті көптеген міндеттерді дәйекті тұжырымдарымен бекітіп, олардың негізін қасиетті 7 санымен байланыстыра өлшеп-пішіп ой қорытады.
Жолдаудың барлық тарау­лары мемлекеттің мығым мүм­кін­шілігін айқын көрсетіп, нысана еткен нақты жетістікке апарар түзу жолды нұсқап отыр. Ол нысана жаңа әлемде дамыған, жаңарған Қазақ елі. Мемлекеттік негізді қалыптастыратын бір­де-бір экономикалық сауал қал­ма­ғандығына осы Жолдаумен жа­қынырақ танысқанда тәнті болдым. Әсіресе, мемлекеттің әлеуетін танытатын әлеуметтік салаға екпін түсіріліп, қарапайым қазақстандықтардың тұрмысын арттыру арқылы мынадай дағ­дарыс заманда өзге елдердің алдына шығу мәселесі өте орынды қозғалып отыр дер едім. Әсіресе, Елбасы «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеу­етін ашатын жаңа мүмкін­діктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегені­міз белсенді, білімді және денсау­лығы мықты азаматтар» деп бұл бағытта атқарар шаруаларды пысықтады.
Елбасының сараптауы бойынша алдағы жылдарда экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімі 4 пайыздан кем болмауы тиіс. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайы­зына дейін ұлғайту қажет. Осы мақсатта экономикада жоғары технологиялар дамытылып, ғылымға бөлінетін қаржы ұлғая түседі. Еңбек өнімділігі 2050 жылға қарай бес есе өсуі тиіс. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайыз орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Президенттің атап өткеніндей, ЭКСПО-2017-нің басты тақырыбына айналған энергия үнемдеу Жолдауда да назардан тыс қалдырылған жоқ. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын екі есе азайту маңызды деп атап көрсетеді.
Елбасымыз атап өткендей: «Біз қуатты да табысты тәуелсіз мемлекет құра білдік. Экономикалық кеңістігіміз дамыған ел болдық. Экономикалық және саяси реформалар сабырлылықпен, пара­сат­тылықпен жүргізілді. Елдің жаңа ордасы – Астана қаласы са­лынды. Бұл қала қазақ елінің мақ­танышына айналды. Халықаралық қауымдастық ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесін өткізу орны ретінде осы қаланы таңдады. Бұл да біздің мемлекетіміздің үлкен жетістігі. Біздің қоғам әлемдік дамудың демократияландыру мен адам құқықтары салаларындағы халықаралық стандарттарға жақындап келеді. Біздің еліміздегі татулық пен келісім, мәдениет пен діннің үндесуі әлемдік деңгейде эталон ретінде танылып отыр».
АҚШ президенті Барак Обама: «Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді» десе, Қытай елінің басшысы болған Ху Цзиньтао: «Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді» деп бұл ойды одан әрі ұштай түседі. Түркия президенті болған Абдулла Гүл: «Нұрсұлтан Назар­баев күллі түрік дүниесінің көш­басшысы», деп атап өткен еді. Біздің ойымызша, ең басым баға – Елбасына өз халқының берген ба­ғасы, халықтың оған деген шынайы сенімі. Президентіміздің феномендік қасиеті осы ұғым­дармен ұштасып жатыр.
Елімізді өркендету жолын­дағы Елбасының игілікті іс­тері, парасатты және пайымды Жолдауларының қайсыбірін алсақ та, ол елдің ертеңі білім мен ғылымға арқа сүйеп, жас­тар­дың жігер-қайратына, олардың еңбегі мен идеяларына тікелей байланыстырып отырады. Осы орайда, Білім және ғылым ми­нистрлігі тарапынан да үлкен бастамалар мен ғылыми жобалар ұсынылып, ғалымдардың, оның ішінде, әсіресе, жас ғалымдардың инновациялық тың ізденістері қолға алынып, жүзеге асуда. Айта кететін жағдай, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғалымдары Елбасымыздың Жолдауын зерттей отырып, оны өз ғылыми жобаларының басты арқауына айналдырып отыр.
Институтымыздың негізгі мақсаты мен міндеттері информатика, ақпараттық технологиялар, басқару және модельдеу салаларында іргелі зерттеулер мен қолданбалы зерттемелер жүргізу болып табылады. Соңғы жылдары институт көлемді жетістіктерге қол жеткізді. Айта кетсек, институт ғалымдарымен ерекше шифр­лау және электрондық сандық қолтаңба алгоритмдері негізінде ақпаратты қорғаудың бірегей технологиясы құрылды. Өнеркәсіпке қолдану және ғылыми-білім беру мақсаттары үшін адам-машина интерфейстерін құру, бейнелерді тану және 3D машиналық көрудің жаңа технологияларын қолдана отырып робототехникалық кешен жасалды. Сонымен қатар, робототехникалық жүйелер, 3D модельдеу және қазақ тілін синтездеу мен тану бойынша заманауи құралдармен жабдықталған мамандандырылған зертхана құрылды.
Ғылымның дамуына және институтымыздың келешегіне мол сенім беретін жайттардың бірі – жас ұрпақтың осы салаға көптеп тартылуы, олардың аға буынмен араласа отырып ғылыми шыңдалуы, жаңа технологияларды меңгеруі. Бұл да Елбасының ғылым, білім, инновацияға қолдау көрсетіп қарқынды серпіліс беріп жатқанының айғағы, яғни жаңа технологияларды жетілдіру, өркендету мәселесінің кеңінен дамып келе жатқанының айқын көрінісі деп түсінген жөн.
Біз Елбасының Қазақстанның «Нұрлы Жолын» жасау идеясын жүзеге асыратын боламыз. «Нұр­лы Жол» үлкен мұрат-мақ­сат­­тары бар өте ауқымды ұзақ мер­зім­ді мақсатты жоба. «Нұрлы Жол» мақсаты барша қазақ­стан­дықтар­дың береке мен бірлікті, ынты­мақ пен ауызбіршілікті, ұрпақ сабақ­тас­тығын сақтай отырып жоба­дағы көрсетілген межелерге жету жо­лындағы табанды еңбегі негізінде іске асатынына кәміл сенеміз.
Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ,
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының» бас директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі,
физика-математика ғылымдарының докторы.
 АЛМАТЫ.

Дереккөз: егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар