«Халық маркасы» – өнім мәртебесі

/uploads/thumbnail/20170708203409900_small.jpg

Кеше Президент жанын­дағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық маркасы» халықтық дауыс беру конкурсының қоры­тын­дысына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған жобаның жетекшісі Римма Тәжібаева және байқаудың бір­қатар жеңімпаздары қатысты.
Соңғы кездері елімізде «Қа­зақстанда жасалған» акциясы кеңінен танылып, отандық өнімге қолдау көрсету барынша қолға алынғаны белгілі. Осы акцияны қолдау мақсатында мамыр айында жалпыұлттық «Халық маркасы» байқауы басталғаны туралы ресми түрде хабарланған болатын. Жобаның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілердің мүмкіншіліктерін арттыру, сонымен қатар, Қазақстанда жасалған нақты тауар мен қызмет көрсету барысында жыл жеңімпазын анықтауда оларға кешенді түрде баға беру болып табылады. Енді міне, сол байқаудың жеңім­паздары да белгілі болды. Жеңімпаздарды әрбір атау бойынша марапаттау шарасы Милан қаласындағы Қазақстанның «ЭКСПО-2015» Халықаралық көрмесіндегі павильонында 21 қазан күні «Бүкіләлемдік азық-түлік күні» апталығы аясында өтті. Жеңімпаздар 30 аталым бо­йынша анықталды. Олардың ішін­де «Газдалған сусын», «Шай», «Кон­дитерлік тағамдар», «Ұн», «Сүт өнімдері» сынды бөлімдер бар.
«Халық маркасы» байқауы жобасының жетекшісі Р.Тә­жі­баеваның айтуынша, конкурсқа 70-тен астам отандық өндіруші, 100-ден астам марка өтініштерін беріп қатысқан. Қазіргі таңда 27 кәсіпорын байқау жеңімпазы. Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Алматы қалалары аймақтарының азық-түлік өндірушілері өз санаттарында ең үздік болған. Бай­қау тақырыбы «Милан ЭКСПО-2015» Халықаралық көрме­сінің та­қырыбымен ұштастырыл­ған­дықтан, оған азық-түлік тауарларын өндіретін отандық кәсіпорындар қатысты. Жеңімпаздарды мил­лионнан астам тұтынушылар онлайн режімде дауыс беру арқылы анықтады. «Конкурсқа қатысу арқылы, өңірлік компаниялар өз өнімдерінің сапасының бәсекеге сай екенін дәлелдеп, тұтынушылар арасында үлкен сенімге ие болары анық. Ал тұтынушы өз таңдауында сенімділікке жетеді», деді Р.Тәжібаева.
Ұйымдастырушылардың мә­лімдеуінше, конкурс жеңімпаздары «Халық маркасы» белгісін өз тауар орауында жарнама ретінде екі жылға дейін қолдануға мүм­кін­шілік алған. Сондай-ақ, «Халық маркасы» конкурсы жеңімпаз­дарының өнімдері Астана қала­сында өтетін ЭКСПО-2017 көр­месіне ұсынылады.
Жоба жетекшілері 2017 жылы елордада өтетін халықаралық көрме кезінде ЭКСПО-қалашықта отандық тауарларға негізделген «Қазақстанда жасалған» павильо­нын ашуды да мақсат тұтып отыр. «Астана ЭКСПО-2017» ком­па­ниясы «Халық маркасы» жеңім­паздары үздік бренд екенін ескере отырып, оларды міндетті түрде назарға алады деген ойдамыз. Біз оларға «Қазақстанда жасал­ған» атты павильонды ашуды ұсын­дық. Қазіргі кезде осы мәселе талқылануда. Егер де ЭКСПО-2017 кезінде осындай пави­льон ашылып жатса, менің ойым­ша, оны көруге баратын халық­тың саны көп болады», деді Р.Тәжібаева.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар