«Шабыт» фестивалі басталды

/uploads/thumbnail/20170708203411338_small.jpg

Кеше Астанада «Шабыт» XVIIІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі ашылуының салтанатты рәсімі өтті.
Биылғы дарындыларды анық­­тайтын жарыстың ұйым­дас­­ты­рылуына ұйытқы болған­дар­дың ұйға­рымы бойынша фес­ти­валь 5 аталымды құрайды. Олар: «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Спорттық сәнді би».
Жыл сайын «Шабыт» жастар шығармашылық фестиваліне қызығушылық арта түсуде. Бұны байқауға ниет білдіргендердің санынан білуге болады. Әр уақытта қазылар алқасы фестиваль жаңа талантты табуға әрі олардың өнер жолын ашуда септігін тигізетінін атап өтеді. Сондықтан бұл фестивальдің алар орны айрықша, деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев. Қатысушылардың талантын әйгілі әртістер, профессорлар, Қытай, Германия, Израиль, Италия, Беларусь, Ресей және Қазақстаннан шыққан өнер майталмандары бағалайтын болады. Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшелері өз шебер­ліктерімен бөліседі.
Осылайша, «Домбырамен ән салу» аталымында қазылар алқасына Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қайрат Байбосынов төрағалық етеді. Халық музыкасы бойынша Рамазан Стам­ғазиев, Айгүл Қоса­нова, Сәкен Сыздықов, Жақсы­гелді Кемалов және Қонысбай Әбіл сынды танымал өнер ше­берлері өз бағаларын береді. «Дом­быра» аталымында қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, профессор, Мем­лекеттік академиялық фи­лармо­ния­ның қазақ халық аспап­тары оркестрінің көркемдік жетек­шісі және бас дирижері Айт­қали Жайымов.
Цирк өнерінен сынға түсетін үміткерлерді Астана циркі директоры Ерік Жолжақсынов, Саха Республикасы циркінің директоры Сергей Расторгуев, Алматы қалалық қазақ циркінің директоры Дәулет Досбатыров сынды өнер тарландары бағалайды. «Академиялық ән салу» номинациясы бойынша әділқазылар алқасының төрағасы Қазақ ұлт­тық өнер университетінің профессоры Қанат Омарбаев болады. Сонымен қатар, халықаралық конкурстардың лауреаты, Түркия мен Италияның Мемлекеттік опе­расының жеке ән салушысы Седа Ортач, Минскіден келген өнер­тану докторы Екатерина Дулова, Иерусалим музыка акаде­мия­сының кларнет класы бойынша профессоры, Израиль операсы оркестрінің бірінші кларнеті Михаил Гурфинкель, Иерусалим симфониялық оркестрінің бас директоры Яир Стерн сынды шақырылған қонақтар әділ қазылар алқасына мүше ретінде кірді. Фестивальдің ең үздік скрипкашысын Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұса­қожаева және басқалар анық­тайтын болады.
Осы жылғы жарысқа тігілген жүлденің де жүгі ауыр. Неге де­сеңіз, бас бәйге Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің кубо­гы болмақшы. Фестивальға қаты­су өтініштерін ұйымдастыру коми­теті 2015 жылдың 15 қазанына дейін қабылдаған болатын, келіп түс­кен жұмыстардың ішінде мың­нан тұлпар, жүзден жүйрік шық­қан 388 үміткер қарашаның 3-і мен­
8-і аралығында бақтарын сына­мақ.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар