Геннадий Головкин 2016 жылдың көктемінде рингке шығуы мүмкін. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқас сілтеме жасап хабарлайды.
K2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер Геннадий Головкиннің қашан рингке шығуы мүмкін екенін айтты.
«Қазір Канело - Котто жекпе-жегінің жеңімпазын күтіп отырмыз. Мақсатымыз - WBC титулы, сондықтан да бұл кездесудің жеңімпазын күтіп отырмыз. Барлығы жеңімпаздың шешіміне байланысты. Егер ол бізбен күш сынасуға бел буса, онда жекпе-жек мамыр айында өтуі мүмкін. Егер жеңімпаз белгілі бір себептермен Головкинмен жұдырықтасудан бас тартып, өз титулын босатса, жекпе-жек наурыз айында өтуі мүмкін», - деді ол.