Қазақстан Республикасы ІІМ-і жедел криминалистика департаментінің басшысы Қайрат Аманқұлов 136 миллион теңге қаражат жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«ІІМ-і жедел криминалистика департаментінің бастығы Қ. Аманқұловқа қатысты қылмыстық іс жүргізілуде. Ол криминалистік техникаларды мемлекеттік сатып алулар өткізу кезіде мемлекетке 136 миллион теңге шығын келтіріп, қызметтік жағдайын асыра пайдаланған. Оған қатысты үй қамақта ұстау бұлтартпау шарасы белгіленді» дейді Агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.
Қайрат Аманқұлов аталған лауазымды 2011 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.