ПАРИЖДЕГІ ТЕРАКТІДЕН 140-ТАН АСТАМ АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170708203452463_small.jpg

Кеше Франция астанасы Парижде бірнеше лаңкестік оқиғалар болды. Онда 140-тан астам адам қаза болған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Белгісіз біреулер қаладағы мейрамханалардың бірінде оқ атқан, «Стад де Франс» стадионының маіайында үш бірдей жарылыс болған. Жарылыс кезінде стадионда өтіп жатқан Франция- Германия футболшыларының ойынын ел президенті Франсуа Олланд тамашалап жатқан екен. Сондай-ақ, рок-концерт өтіп жатқан «Батаклан» театры ғимаратында лаңкестер көрермендерді тұтқынға алған. Жүздеген тұтқынға оқ атқан.

Түрлі БАҚ-тардың мәліметінше, жарылыстар мен атыс салдарынан 140-тан астам адам қаза болып, 132 адам жарақат алған. Алайда, СNN телеарнасы қайтыс болғандар саны кемі 153 адам, оның 112-і концерт залында көз жұмған деген ақпарат таратты. Концерт залында өзін-өзі жарып жіберген 2 лаңкес пен шабуылдау кезінде полиция оғынан көз жұмған он шақты содырдан басқа лаңкестер жақтан қаза болғандар туралы нақты мәлімет жоқ.

 

Қатысты Мақалалар