ПАРАНЫ ҚОЙМЕН АЛҒАН

/uploads/thumbnail/20170708203454151_small.jpg

Алматы облысы Панфилов аудандық мәдениет үйінің директоры К.Жақыбалиеваға қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ол Панфилов ауданы ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлерінің директорларынан оларға қамқорлық көрсеткені үшін әлденеше рет қой малы түрінде пара алып отырған. Параның жалпы көлемі 57 000 теңгені құраған.

Сот үкімімен К.Жақыбалиева ҚР ҚК 4-бөлімі, 366-бабының 4-тармағы бойынша (әлденеше рет пара алу) айыпты деп танылды. Оған параның жетпіс бес есе мөлшерінде 3 990 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қатысты Мақалалар