«Айтылмаған махаббат» ән кеші өтеді

/uploads/thumbnail/20170708203455245_small.jpg

Биыл 70 жылдығын атап өтіп жатқан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры студенттер күніне орай «Айтылмаған махаббат» театрландырылған ән-думан кешін өткізбекші, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Театр тарихы актер өмірімен өрілгенімен, көрермен көңілі мен  пейілі әрқашан да біз үшін қымбат.

Бұл кеш – театр актерларының сол, аса  қадірлі көрермендерге деген тартуы – ақ жарылып, айталмай жүрген махаббаты.

Ал, ақ махаббат айтылған жерде ойланбай, толғанбай, тебіренбей, шаттанбай, қуанбай қайтпайсыздар..!

Қайталанбас бақыт пен қайта айналмас уақыт-сахнасындағы  ғажайыпқа асығыңыздар!» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Думанды кеш 14 қараша күні сағат 18.30-да басталады.

Қатысты Мақалалар