РЕКТОР ДҮЙСЕНОВАНЫҢ ОРНЫНАН КЕТПЕУІН СҰРАДЫ

/uploads/thumbnail/20170708203455948_small.JPG

Қазақстанда еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек. Бұл туралы «Қамшы» порталы «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыға іссапармен арнайы келген министр Тамара Дүйсенова жаңа Еңбек кодексі мен "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы жайлы түсініктеме берді. Еңбек кодексі мен денсаулық сақтауды дамытудың жаңа бағдарламасын Тамара Дүйсенова тапжылмай бір сағат баяндады. Енді азаматтық қызметкерлер 4 санатқа бөлініп, жалақылары сараланып, сала бойынша 28, 29, 40 пайызға дейін арттырылады. Ал 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" бағдарламасында ауруханалар мен клиникалар қызметін жеке қолдарға беру туралы пікірлер айтылған болатын.

Сондай-ақ, шет елден қыруар қаржыға технология сатып алуды да азайтамыз деді министр. Ал, 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру іске қосылмақ. 273 миллиард теңге бөлінген бағдарламада алғашқы медициналық көмек ұлғайтылып, жедел-жәрдем қызметін мемлекет толық қаржыландырмақ.

Бір қызығы оған кейбір оқу орны басшылары осы жоспарларды орындағанша министрлік креслосынан түспеңіз деген тілек айтты. Медицина университетінің ректоры қолға алған істі аяқтау үшін министрге енді 5 жылдай бұл қызметтен кетпеуін тілеп, жұртты ду күлдірді. Артынша басшылардың ауысуы, бағдарламаның жүзеге асырылуын кешеуілдетеді деп сөзін жуып-шайды

– Оны айтқаным, өздеріңіз қарасаңыздар министрлер өзгерген сайын реформаның ең бірінші қалпы қалмайды. Кейбір министр приритетті басқа көреді деген сияқты ғой, – дейді С.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов.

Министрлік 2020 жылға қарай ел тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа жеткізуді көздейді. Алайда  көптің көкейіндегі сауал 2016 жылға дәрі бағасын тұрақтандыру туралы келісім әлі жасалмапты.

 

Қатысты Мақалалар